Мұқағали Мақатаев. «Біздің үйге көктем келді, қыз келді»

Oinet.kz 02-09-2019 2179

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Біздің үйге көктем келді, қыз келді,

Қызығың да, тамашаң да бізде енді.

Неғып жатыр, Әнуар шұжық, балқаймақ,

Нөкерімен шауып кетпей біздерді...

Біздің үйге Шолпан келді, Шолпаным!

Шолпым менің...

Қызыққа енді шолпамын.

Мінезіңнен...

Мінезіңнен қорқамын,

Лашынға тартқан-ау деп жортамын.

Қызым менің, күлкім менің, сауығым,

Базарым да, бауырым да, ауылым.

Қандай ғажап, қарақаттай көзіңде.

Қарап тұрған мен өзімді танимын.

Сен гүлімсің

Қарағым, сені кім еккен?

Сезімбісің?

Шыққансың қандай жүректен!

Жанарда тұрған жалғыз тал әлде тамшы ма ең?

Жалт етіп бірде кірпіктен ырғып дір еткен?!

Әнбісің әлде?

Неткен үн сені шырқады?

Әлде сен, қалқам,

Бозарып атқан қыр таңы.

Сезіп тұр санам,

Сен өзің, сірә, болғайсың

Жалғандағы осы жақсының ғана ұрпағы.

Қинама мені.

Айтсайшы маған, сүйіктім?

Адамба жүрген лағымысың киіктің?

Айтсайшы, қалқам, бұлағымысың әлде сен

Бұрқанып жатқан мендегі теңіз-күйіктің?

Мұқағали Мақатаев. «Аңғал досым-ай»
Мұқағали Мақатаев. «Бәрін де қойшы...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу