Трамп Иранмен келіссөз басталғанын мәлімдеп, шабуылды 5 күнге тоқтатуды тапсырды

Oinet.kz 23-03-2026

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің қарулы күштеріне Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды. Тегеранмен келіссөз жүргізу мақсатында осы шешім қабылданған. 

Screenshot_3.jpgАқ үй басшысы мұны Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен Иран соңғы екі күн ішінде Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерді “толық әрі жан-жақты реттеу” мәселесі бойынша “өте жақсы және нәтижелі келіссөздер” өткізген.

“Осы келіссөздер терең, жан-жақты әрі конструктивті сипатта өтті. Олардың мазмұнын ескеріп, әрі олар алдағы апта бойы жалғасатындықтан Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына қатысты кез келген әскери соққыларды бес күнге шегеруді тапсырдым”, – деп жазды Трамп.

Трамптың бұл мәлімдемесі мұнай бағасының күрт төмендеуіне әкелді. Атап айтқанда, Brent маркалы мұнай бағасы 13%-ға арзандап, шамамен бір баррелі 96 долларға дейін түсті. Ал FTSE 100 индексі бұрын 2%-дан астам төмендегеніне қарамастан, қазір 0,5%-ға өсіп отыр.

22 наурыз күні Трамп Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды ашпаса, 48 сағат ішінде Иранның электр станцияларына соққы беретінін ескерткен еді. Бұған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусы қираған электр станциялары толық қалпына келтірілмейінше бұғазды толық жабатынын мәлімдеді.

Ал Иран билігі бұғаздың “Иранға қарсы елдермен байланысты кемелерден басқа кемелер үшін ашық” екенін хабарлады.

Kpler талдау компаниясының мәліметінше, соңғы үш аптада бұғаз арқылы өткен кемелер саны соғысқа дейінгі көлемнің шамамен 5%-ы ғана болған.

Айт пен Тәшенов тағылымы тоғысқан күн
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу