Колумбияда 100-ден астам әскери қызметші мінген ұшақ апатқа ұшырады

Oinet.kz 24-03-2026

image.png

Колумбияның Әуе күштеріне тиесілі Hercules C-130 ұшағы, ішінде 100-ден астам әскери қызметкер болған, елдің оңтүстігінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

Апаттан қаза тапқандар саны 34-ке жетті, тағы 21 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Caracol телеарнасы мен департамент губернаторы Джон Молинудың айтуынша, жарақат алғандардың саны 77-ге жетті, олардың 43-і Боготаға жеткізілді. Тағы 21 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Колумбия Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал Карлос Сильва Руэда телеарнаға хабарлағандай, апат орнына медициналық тікұшақ пен құтқару тобы жөнелтілді. Оқиғаның себебін анықтау үшін жедел-тергеу тобы да жіберілді.

Қамшыбек Тәшиев қырғызстандықтардан кешірім сұрады
Иран АҚШ-пен келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу