Иран АҚШ-пен келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи Тегеран мен АҚШ арасында келіссөздер жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, соңғы күндері бірқатар достас мемлекеттер арқылы Вашингтон тарапынан қақтығысты тоқтату үшін келіссөз бастауға қатысты жанама сигналдар түскен. Алайда Иран бұл ұсыныстарға өзінің принциптік ұстанымына сай жауап берген.
Бағаи Иран тарапы ел үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасау әрекеттерінің ауыр салдарға әкелетінін ескерткенін жеткізді. Оның сөзінше, энергетикалық нысандарға қарсы кез келген қадамға Иран қарулы күштері жедел әрі қатаң жауап қайтарады.
Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы мәселесіне және қақтығысты реттеу шарттарына қатысты Тегеранның ұстанымы өзгеріссіз екенін атап өтті.
Бұған дейін Джей Ди Вэнс пен Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Иранмен диалог орнату мүмкіндіктерін талқылағаны хабарланған.


