Қамшыбек Тәшиев қырғызстандықтардан кешірім сұрады
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан азаматтарын Ораза айт мерекесімен құттықтап, кешірім сұрады. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп жазады Оinet.kz.

Тәшиев әр отбасыға бейбітшілік, амандық пен молшылық тілеп, халықты бірлік пен өзара түсіністікке шақырды. Ол қасиетті мерекеде кешірім мен рухани тазалықтың маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде Тәшиев егер біреуді ренжіткен болса, кешірім сұрайтынын айтты. Сондай-ақ, ораза айында түрлі сыбыстар мен жалған ақпарат таратқан адамдарды Алланың разылығы үшін кешіргенін жеткізді және мұндай әрекет қайталанбауын тіледі.
Бұған дейін БАҚ-тарда Таһәшиевтің Ішкі істер министрлігінде шақырылғаны туралы ақпарат шыққан. Сонымен қатар, оның ұлы Тай-Мұрас пен ағасы Шайырбек Тәшиев те тергеуге шақырылған.
Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбекті барлық қызметінен босатқан еді. Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл шешім елдің бірлігін нығайту және қоғамдағы бөлінушіліктің алдын алу мақсатында қабылданған.
Тәшиевтің отставкасынан кейін күштік блокта кадрлық өзгерістер жүргізіліп, бірнеше қызметкер лауазымынан айырылды. Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымынан шығарылды, сондай-ақ президентке тікелей бағынатын Жаңа мемлекеттік күзет қызметі құрылды.


