Қамауға алынған Матаевтың ісіне қатысты «Әділ сөз» қоры үндеу жасады

Oinet.kz 19-03-2026

Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры Алматыда ҚазТАГ агенттігінің басшысы Әсет Матаевқа жасалған шабуыл мен  ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Ұйым өкілдері бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, оқиғаны жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етті. Қордың мәлімдеуінше, мәселенің маңыздылығы медиасала өкіліне қатысты болуымен де ерекшеленеді.

«Әділ сөз» қоры Әсет Матаев төңірегіндегі жағдайға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Ұйым пікірінше, болған оқиғаны барынша толық әрі бейтарап зерттеу маңызды.

– Бұл жағдай зардап шеккен азаматтың қоғамдық мәртебесін және оның журналистік қызметіне ықтимал әсерін ескере отырып, ерекше назар аударуды талап етеді, – делінген қор мәлімдемесінде.

Сондай-ақ қор құқық қорғау органдарын істі объективті түрде тергеуге шақырды. Яғни оқиғаның қалай болғанын, шабуылға нақты кімдердің қатысқанын анықтап, келтірілген залалға құқықтық тұрғыда дұрыс баға беру қажет екенін жеткізді.

– Әсіресе медиасала өкілдеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактілері мұқият құқықтық бағалауды және мемлекеттік органдар тарапынан ашықтықты талап етеді, – деп атап өтті ұйым.

Айта кетейік, бұған дейін Әсет Матаевтың бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Алайда оның өзі бұл жағдайды арандату деп есептейді.

Алматылықтардың неден «уланып» жатқаны белгілі болды
Жамбыл облысында бас дәрігер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу