Алаяқтар рәсімдеген несие үшін банктер жауапты болмақ
2026 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстанда «Банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп жазады Оinet.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, енді банктерге жеке тұлғалармен биометриялық сәйкестендірусіз онлайн келісімшарт жасасуға тыйым салынады. Бұл шара қаржылық операциялардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, егер қаржы ұйымының кінәсі немесе алаяқтық дерегі дәлелденсе, заңсыз рәсімделген несиелер үшін жауапкершілік банктерге жүктеледі.
Ал қарыз алушы қылмыстық іс бойынша ресми түрде жәбірленуші деп танылған жағдайда, оның несие берешегі есептен шығарылуы немесе бұрын ұсталған қаражат толықтай қайтарылуы мүмкін.


