Енді төлемді бір ай кешіктірген азаматтарға несие берілмейді
Елімізде енді несие төлемін 30 күннен кешіктірген азаматтарға несие берілмейді, деп жазады Оinet.kz.

Жаңа ереже «Банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында жүзеге асырылмақ. Өзгерістер 2026 жылғы 19 наурыздан бастап күшіне енетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін төлемді 90 күннен көп төлемеген жағдайда несие берілмейтін.


