Таразда ер адамнан 5 миллион теңге бопсалаған қоғам белсендісі ақша алу кезінде ұсталды

Oinet.kz 20-03-2026

Таразда қоғам белсендісі ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. 

Screenshot_2.jpg

Жамбыл облыстық полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған.

Арызданушының айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

БҚО-да шенеуніктен ақша бопсалаған блогер 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Аталған дерек бойынша жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін ақша алу кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.

Қазақстанда жыл сайын ғылымға 200 миллиард теңге бөлінеді, алайда нақты нәтиже жоқ – Тоқаев
Қазақстанда сәуір айында өңір әкімдерінің сайлауы өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу