Жаңа жоба: Шалғай ауылдарға шағын ұшақтар қатынайтын болады

Oinet.kz 19-03-2026

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев өңірлер арасындағы қатынасты жақсарту үшін шағын авиацияны дамыту ұсынысын жасаған болатын. Сенат кулуарында журналистер Көлік вице-министрі  Талғат Ластаевтан аталмыш жобаның қалай іске асырылып жатқанын сұрады.

image.png

Вице-министрдің айтуынша, бірнеше өңірде бұл бағыт бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірнеше шағын әуежай мен авиация нысаны салынуда. Мысалы, Зайсан, Қатонқарағай, Кендірлі және Арқалықта құрылыс жүріп жатыр. Бұған дейін Үржар, Үшарал және Балқаш әуежайлары жаңартылып, қайта қалпына келтірілді, – деді Талғат Ластаев.

Ол бұл жобаны міндетті түрде жүзеге асыратынын жеткізді.

Жетісу облысында ер адамды өзінің екі баласы айлар бойы жәбірлеп келген (ВИДЕО)
Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу