БҚО-да мас күйінде көлік тізгіндеген әкім ұсталған

Oinet.kz 19-03-2026

Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейноллиннің мас күйінде көлік жүргізген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.png

“Уральская неделя” басылымының мәліметінше, әкімді 12 наурызға қараған түні полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде ұстаған. 

“Әкім өзін науқаспын деп көрсетіп, аурухана төсегінде жатқанын айтып, “Дорожный контроль” блогерінің қоңырауына жауап бергісі келмеген. Дегенмен кейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін полицияның ұстағанын мойындаған”, – делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, Ақжайық ауданы Чапаево ауылы маңында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтаған.

“Дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, материалдар сотқа жолданған”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркістандық атқамінерлерге 5,4 млн теңге айыппұл салынды
Жетісу облысында ер адамды өзінің екі баласы айлар бойы жәбірлеп келген (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу