Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қыз сүю

Oinet.kz 02-09-2019 1160

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қыз десе әркім кетер қызуланып,

Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.

Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы

Қояды бір қиқаңдап құшырланып.

Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,

Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.

Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы

Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.

Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,

Көргенде құмарланып кеудең толса,

Алмас қылыш жүзіндей аударылып,

Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.

Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,

Саусағы сылдыраған жүзік болса.

Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,

Белдері тартқан сымдай нәзік болса.

Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,

Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.

Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,

Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?

1914

Мұқағали Мақатаев. «Сырқат сыры»
Мұхтар Шаханов. Баба Түркістан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу