Мұқағали Мақатаев. «Жантықтың туысқаны»

Oinet.kz 02-09-2019 1296

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Адамның баласынан жерімеп ем,

Достастым періменен, серіменен.

Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет

Ат кекілін кестім мен сеніменен.

Қайда ғана сиясың, қайда ғана?!

У таратып болдың ғой айналаңа.

...Арамзаны ақ сүтпен асыраған,

Айдаһарға қор болған, қайран ана?

Досты апарып досына жамандатып,

У таратып, лаң caп, арандатып,

Ағайынды аздырмай ала жылан,

Жөніңе кет, жымысқы, қараң батып.

Ақыл айтып тұрғам жоқ, туыстарым,

Алданбаңдар!

Азғынға жуыспағын.

Абай болғын арыңды нық ұстағын,

Араңда жүр Жантықтың туысқаны.

Мұқағали Мақатаев. «Қоштасу»
Мұқағали Мақатаев. «Құмған алған...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу