«Имамдар заңсыз неке қияы»: ҚМДБ айыптауларға жауап берді

Oinet.kz 17-04-2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желілерде ислам дініне, Құранға, Қағбаға, Мұхаммед пайғамбарға және имамдарға қатысты сын-пікірлердің жиілеуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Діни басқарма мұндай жазбалардың қоғамда алауыздық туғызып, ел ішіндегі тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Әсіресе, соңғы уақытта желіде имамдарға қатысты “заңсыз неке қияды” және “балаларды сабақ уақытында мешітке апарады” деген айыптаулар жиі айтылып жүргені атап өтілді. ҚМДБ бұл пікірлердің дәйексіз екенін мәлімдеді.

Басқарманың хабарлауынша, мешіт қызметкерлері балаларды сабақ уақытында жинап, діни шараларға қатыстырмайды. Керісінше, дін қызметкерлері жас ұрпақтың зайырлы білім алуын қолдап, насихаттап келеді.

Сонымен қатар ҚМДБ жанынан құрылған “Дін мен дәстүр” бөлімі бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал “Діни оңалту” бағыты жат ағымдардың алдын алып, олардың ықпалына түскен азаматтарды қоғамға бейімдеумен айналысады.

Діни басқарма арандатушылық сипаттағы ақпарат таратып, діни алауыздық тудыратын әрекеттер заңмен жазаланатынын ескертті. Қажет болған жағдайда, мұндай фактілер бойынша құзырлы органдарға шағым түсірілетіні де айтылды.

Түркияда жасөспірім мектепте шабуыл жасап, 9 адамды өлтірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу