Ақтауда ер адам автобус жолын жауып, жанжал шығарды
Әлеуметтік желілерде ер адамның жолға шығып, жолаушылар автобусын тоқтатуға тырысқан сәті түсірілген видео тарады. Оқиға 16 сәуір күні 1 және 1а шағын аудандар арасындағы жолда болған.

Бейнежазбада оның №12 маршруттық автобустың жолын әдейі бөгеп тұрғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде өтіп бара жатқан адамдардың бірі араласуға әрекет жасаған. Алайда төбелес сәті кадрда тіркелмеген.
Полиция мәліметінше, ер адам нейропсихиатриялық диспансерге жеткізілген және арнайы есепте тұрғаны анықталған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Желі қолданушылары бұл жағдайды ер адамның психикалық ахуалымен байланыстырып, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін бақылауды күшейту қажет екенін айтуда.


