Мұқағали Мақатаев. «Қоштасу»

Oinet.kz 02-09-2019

Әскерге әке ұлын аттандырды.

Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды

Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды,

Жасама деп жат қылық сақтандырды

Жаңадан отау тігіп, ірге құрап,

Қалыпты жас семья гүлденіп-ақ.

...Анасы жол жабдығын әзірлеуде,

Қуанып, бірде күліп, бірде жылап.

Қоштасып ағалары, құрбылары,

Қош айтып ауыл-аймақ тұрды бәрі.

Қош бол! -деп алыс сағым бұлдырады

Естіліп бұлақтардың сыңғыр әні.

Бәрі де қоштасуда...

Бірақ бір жан,

Бата алмай қоштасуға жылап тұрған.

Жолығып жол бойында қырат-қырдан,

- Қош бол! -деп орамалын лақтырған

Болашақ солдат оны байқамады,

Қыз қылығын тағы да қайталады...

...Жасыма, махаббатың қайтар әлі

Оның да сен боларсың айтар әні.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бұл памятым, ал еске:
Мұқағали Мақатаев. «Жантықтың туысқаны»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу