Мәдениет министрлігі Қыз Жібектің қамзолына қатысты тексеру жүргізуде

Oinet.kz 20-04-2026

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева қоғамда қызу талқыланған камзолға қатысты пікір білдіріп, оның түпнұсқа екенін растады. Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова актрисамен тікелей сөйлескенін жазды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Өтекешеваның айтуынша, кеңес дәуірінде түсірілім кезінде пайдаланылған костюмдер мен реквизиттердің бір бөлігі уақыт өте жеке адамдардың қолына өтіп кеткен. Ол музей қорында сақталған бір ғана нұсқа бар екенін, алайда оның жағдайы жақсы емес екенін де атап өтті.

Актрисаның сөзінше, талқыланып жатқан камзол ұзақ жылдар бойы жеке үйде сақталған. Ол бұл тақырыптың шамадан тыс дауға айналғанын қаламайтынын айтып, назардың өзге мәселелерге аударылғанын жөн көретінін жеткізді. Сондай-ақ ол «Қыз Жібек» фильмінде ойнаған актерлердің ішінде көзі тірі қалған жалғыз адам екенін еске салды.

Мәдениет министрлігі бұған дейін «Қазақфильм» қорында камзолдың бір түпнұсқасы бар екенін, ал екінші нұсқаның жеке қолдарға қалай түскені тексеріліп жатқанын хабарлаған.

Ал продюсер Баян Алагөзова камзолдың бұрыннан жеке иелікте болғанын және ресми музейлік реестрде тіркелмегенін айтқан.

Қоғамда резонанс тудырған жағдайға байланысты мәдени мұраны сақтау және реквизиттердің мәртебесін анықтау мәселесі қайта көтерілді.

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден озды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу