Ерлі-зайыпты блогерлердің жеке видеосын таратып жіберген күдікті ұсталды

Oinet.kz 20-04-2026

Ақтау қаласында ерлі-зайыпты блогерлердің жеке сипаттағы бейнематериалын заңсыз таратқан күдікті анықталып, ұсталды, деп жазады Оinet.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

image.png

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, WhatsApp мессенджері арқылы таралған видео тек жеке пайдалануға арналған. Жәбірленушілер – жергілікті блогерлер – полицияға жүгініп, интимдік мазмұндағы бейненің әлеуметтік желілерде тарап кеткенін хабарлаған. Олардың болжамынша, материалдың жария болуына бұрын бірге жұмыс істеген мобилографтардың бірі қатысы болуы мүмкін.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке мәліметтерді рұқсатсыз тарату) қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түскен. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, өзге де мән-жайлар анықталуда.

Полиция азаматтарға жеке және құпия ақпаратты рұқсатсыз тарату заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

1,5 млн теңгені тартып алған: Әділетхан Молдахан не үшін сотталғаны белгілі болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу