Мұқағали Мақатаев. «Құмған алған...»

Oinet.kz 02-09-2019 1586

Құмған алған,

Суға барған,

Сұлуымды сағындым.

Сырғаланған,

Қуған арман.

Құлынымды сағындым.

Түйнектер мен

Жидек терген,

Нуларымды сағындым.

Үйректермен

Иректелген,

Суларымды сағындым.

Тынып тіптен,

Түлік біткен,

Жусағанын сағындым.

Жиі беттен

Сүйіп өткен,

Қыр самалын сағындым.

Безінбейтін,

Сезінбейтін

Аңғал кезді сағындым.

Өзім дейтін,

Сезім дейтін -

Жанған көзді сағындым.

Мұқағали Мақатаев. «Жантықтың туысқаны»
Мұқағали Мақатаев. «He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу