Мысығының өлгені туралы контент түсірген Семей тұрғыны айыппұл арқалады

Oinet.kz 20-04-2026

Абай облысында әлеуметтік желіде кір жуғыш машинада мысықтың өлімі бейнеленген видео жариялаған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 10 АЕК (43 мың теңгеден астам) айыппұл салынды, деп жазады  Оinet.kz.

image.png

Оқиға алғаш рет Threads желісінде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Пайдаланушылар құқық қорғау органдарынан жағдайды тексеруді талап еткен.

Жазбада баланың мысықты мұздатқышқа салып, кейін кір жуғыш машинаның ыстық режимін қосқаны айтылған. Автор балалардың қараусыз қалғанына назар аударған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде оқиға абайсызда болғаны анықталған. Жануар иесі әкімшілік жазаға тартылды.


Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу