Мұқағали Мақатаев. «Жүрегім»

Oinet.kz 29-08-2019 1250

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Кейде суық, кейде жылы,

Кейде тәтті ләззат тілі.

Кейде бейне көңіл нұры,

Кейде махаббат өнген гүлі.

Сұрғылт дүние теңізінен,

Сұстана қорқып жиренген.

Тақуа тіршілік негізінен,

Өшпейтін өнер үйренгем.

Жүрегім менің жүйткіп жүзген,

Долы мұхит кемесі.

Шабыт туып шаттық жүзден,

Келешек өмір елесі.

Жүрегім менің - дәл соққан

Уақыты өмірдің,

Талабыма нұр жаққан

Қуанышы көңілдің.

Жүрегім менің - жанған от,

Жылуы бітпей сөнбейтін.

Жүрегім менің - ұшқан оқ,

Тастауға қағып көнбейтін.

Кейде мұңлы, кейде шат,

Жүрегім менің қат-қабат.

Аяулысы сол жүректің

- Ләззәтті махаббат.

Мұқағали Мақатаев. «Бұлт»
Мұқағали Мақатаев. «Досыма!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу