Мұқағали Мақатаев. «Бұлт»

Oinet.kz 29-08-2019 1172

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

(І - НҰСҚА)

Тұңғиық, түпсіз көк аспан

Жайымен ғана жатыр сұлқ.

Керуендей адасқан

Келеді жылжып бір топ бұлт.

Дауылдың құлы қошқыл бұлт

Көмескі торға байланып,

Бойында күші етпей былқ,

Барады қайда айдалып?

Бұлтты кенет буды ашу,

Долдана дауыл сыпырды.

Көк беті болды уда-шу,

Найзағай оғы атылды.

Тәкәппар, долы тынды жел,

Бұлт өксіді еңіреп.

Қарық болды қара жер,

Қайғылы жасын төгіп ед.

Кенет дауыл сап етті,

Қайтадан мініп қалпына.

Бұлтты айдап әкетті

Бұрылттырмай артына!

Мұқағали Мақатаев. «Қойшы бала Әкітай»
Мұқағали Мақатаев. «Жүрегім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу