«Өлген қызды зорлаған»: Хас сұлудың жазығы не?

Oinet.kz 20-06-2024 5744

Шырт ұйқыда жатыр едім, телефон қоңырауы оятты. Асығыс тұрып, тұтқаны көтердім.

Screenshot_9.jpg

— Ассалумағалейкум, Ереке, біздің ауданнан өлік табылыпты,- деген асығыс Талмас даусы.

— Уағалейкум! Ммм… Мекен-жайын айт,-деп телефон қасында дайын тұрған қағазға  тездетіп жазып алдым да:

— Қазір, барам.-дедім.

Тез киініп жылдам шығып, көлігіме отырып, айтылған жерге жетіп бардым.

   Қаланың сырт жағы, біздің ауданға қарайтын үлкен арықтың жағасы екен, бір қарағанда көзге түсе қоятын жер емес, көпірдің астында фонарьларын жағып жігіттер жүр. Қастарына жақындадым. Тегіс амандасып, өлікке көз жүгірттім. Жастау әйел адам, көзі бақырайған қалпы ашылып қалыпты, тамағында жіңішке бау тәрізді жіп, кофтасы жыртылған, шалбары бір аяғынан толық шешілген, іш киімсіз. Криминалист жігіт жақындап келіп:

— Алдымен өлтіріп, сосын зорланған сияқты, тағы зерттеймін. Буындырып өлтірген, қарсылық көрсеткен, тырнақ астынан тері, балшық, шөп, керектің бәрін салып алдым, сараптама жасаймын. Міне қара мына жерде қылқындырған тәрізді, -деп сәл ары таман жерді көрсетті.

— Мынаны қара,-деді.

Жер кәдігімдей тебіліп, қазылып кеткен, шөптер жулынған. Әйелдің бір аяқ киімі сол жерде қалған, сосын жанындағы шөптер жапырылып бері тартқан тәрізді. Бүкіл нәрсені ойыммен суреттеп қарап тұрмын.

Иә, біраз арпалысқан көрінеді, жан жақтағы шөптердің мыжылғанына қарасаң анық көрінеді. Дөңнен де сүйрелеп түсірген тәрізді, езіліп сырғанаған жерлер бар.

— Өлгеніне қанша уақыт болыпты?–дедім криминалистке қарап.

— Бір тәулік,-деді.

— Бір тәулік бойы ешкім байқамаған ба?-деп учасковыйға қарадым.

— Өзіңіз де байқаған боларсыз, адам келетін жер емес, көпірден ешкім өтпейді, бұл ескі көпір, анау кісінің иті келіп тауыпты, сол кісі хабар берді,-деді

—Түсінікті, Талмас сен сол күәгерден жауап ала берші,–дедім де келіншекке қайта бұрылдым.

Кең маңдайлы, қиылған қасты, қара көзді, ұзын кірпікті, қыр мұрынды, жуқа ерінді, томпақ домаланған бетті сұлу келіншек. Шашы жайылған, өте ұзын емес, қап-қара екен. Саусағында бірі неке жүзігі, екіншісі үлкен көзді екі сақинасы бар, мойнында  алқасы, қулағында сырғасы бар, бәрі сары түсті алтынға уқсайды, білегінде әйелдерге арналған механикалық сағат.

‘Ұры емес, ұры болса мыналарды сыпырып алар еді»–дедім іштей.

— Қол сөмкесі болды ма?–дедім жігіттерге қарап.

— Бұл маңнан қазірше табылмады, біз қарап жүрміз ,-деп Ораз жауап берді.

— Іздеңдер, қалт жібермеңдер ,–дедім.

Таң да бозарып атып келеді, дөңнен көтеріліп төбеден төмен қарай қарап тұрмын. «Бұл жерге қалай келген, немен келген?’,-деп жолдың үстімен ары-бері жүрдім. Қаладан біршама алыстау, оңаша жер. Бұл жерге көлікпен келді ме? Жаяу да келе алады, бірақ, ол үшін бірге келген адам танысы болу керек.

Күн сәүлесінен төгілген жарық барлық жерге жайылып, көпірдің үсті анық көріне бастады, жан-жақ анық көрінді. Көпірдің үстінен бірдеңе анықтау мүмкін емес, жігіттер өз көліктерін толтырып тастапты.

— Ереке, мәйітті алып кетсек,-деді криминалист.

Басымды изедім, қайта оралып мәйітті көлікке салғалы жатқанда бетін ашып тағы бір қарадым. Қас сұлудың өзі, бір тәулік жатса да, әдемілігін жоғалтпаған, бақырайып ашық қалған көзі денеңді тітіркендіреді.

Сонымен жұмбақ өлім, аты жөні белгісіз келіншек. Келіншек жасы шамамен 29-30аралығында, бойы 1,67, келген, азиялық келіншек. Бірден іздеу салғандарды қарап шықтым, осы екі тәулікте ешкім бұл келіншекті іздемеді, ешқандай арыз түспеді. Көрші аудандарға да сұраныс жасадық, жақын күнде ешкім іздеу салмапты. Жұмбақ! Бұл кім? Неге екі тәулікте ешкім іздемейді? Саиын, Сейфуллин көшелеріндегі жезөкшелердің бірі ме дейін десем, сараптамада жыныстық қатынас тек өлі денеге болғанын айтты. Алдымен өлтірген, не үшін өлтірді? Қаланың барлық аудандарына ескертү жіберіп бұл келіншекті анықтап алмақшы болдым. Еш жерден бұл келіншекті іздеген жан жоқ, ешқандай іліп алар, ойға салар, ұшын таба алмай дал болдым. Бір тәулік өтіп барады, түк таппай бастықтан сөз де естіп кабинетіме келдім. Келіншектің фотоларына тесіліп қарап көп ойландым. Түрі анық көрінген фотоны алдым да Оразға бардым:

— Ореке, мына фотоны «рейдер»ге апар, теледидардан дереу үзбей көрсетсін, шуғыл ақпарат десін, барынша жиі хабарласын, телефон номерін жаз, таныған адам хабарлассын, тездет, қылмыскер ізін суытпай тұрғанда устауымыз керек,–дедім.

Ораз жылдам шығып кетті. Мен бөлмеме келіп басқа шаруалармен айналысып кеттім.

Екінші тәуліктен асып барады, бір келіншек қоңырау шалыпты, біз салған фото суреттен өлікті таныпты, тездетіп келіншекке өзім бардым, қасымда Талмас бар.

Көрші ауданда кіші көшеде елеусіз жерде орналасқан дүкен екен. Аласа бойлы толық сары келіншек қарсы алды. Амандасып өзімізді таныстырып болған соң:

— Дәмелі, біз не себеппен келгенімізді түсініп тұрсыз ба?

— Нақты болмаса да түсінем.

— Сіз фотодағы келіншекті танығаныңыз анық па?–дедім.

— Мен теледидардан көргенде шошып кеттім, расымен Құралай ма, емес пе?- деп неше мәрте қарап, Құралай тұрған үйге қоңырау шалып едім. Құралай бірнеше күн болды келмеді деді, сосын сіздерге қоңырау шалдым, мүмкін ол емес шығар??, -деп көзі бақырайып, ерні дірілдеп сұраулы көзбен бізге қарайды.

— Құралай дедіңіз бе? Тегі қалай? Қай жердің қызы? Сіз қайдан танисыз?-деп Талмас бірнеше сұрақты бір-ақ жаудыртты.

 Келіншек сәл сасқалақтап, жутынып алды да:

— Иә, Құралай, ол қурбым біз бір ауылданбыз, тегі Сәрсенқұлова, Алматыға бірге келгенбіз, ол шаштараз, мен сатушы болып кеттік,-деп көзінен жасы аға отырып:

—Төрт үй ары таман шағын шаштараз бар, сол жерде жұмыс жасайды, мен бардым ол жұмысында жоқ…-деді саусағын шошайтып терезеден даланы нусқап.

— Сізден басқа қандай таныстары бар?–дедім.

— Ол жағын білмеймін, мен осы дүкенде жатып істейтін болған соң, ол пәтер жалдап тұрған, сол пәтердің иесі, қасында Жадыра деген қурбысы бар.-деп ойланып отырды да,–Жұмысындағы бірге  жұмыс жасап жүрген қыздар, бастығы, ой көп қой,-деді әлі ойланып отырып.

— Тұрмыста емес пе?

— Жесір әйел. Бір қызы бар, үш жыл бұрын күйеуі суға батып кеткен, қызы енесінде,-деп тағы ойланып кетті.

— Неге ойлана бересіз?,-деді Талмас.

— Оған не болды? Фотода нақты ештеңе жазылмаған, тек кім таниды деп дереу хабарласуын өтінген, Құралай қайда, оған не болды?-деді көзінен жастары домалап.

— Неге жыладыңыз?

— Сіздер келген соң бір жамандықтың болғанын ішім сезіп отыр, өз -өзімді ұстай алмай отырмын. Өзі аман ба?-деді сұраулы көзбен Талмас екеумізге кезек-кезек қарап.

— Өкінішке орай фотодағы қыз қайтыс болған, біз өлі денесін таптық,-дедім мен.

Дәмелі аузын алақанымен жауып селк ете қалды. Көзі бақырайып сұп-сұр болып кетті.

—Сіз мәйітханаға анықтап беруге бара аласыз ба?–деді.

Дәмелі сәл ойланып басын изеді. Бәріміз жылдам қозғалып, мәйітханаға бет алдық.

Screenshot_10.jpg

2-бөлім.

Біз тапқан келіншектің Сәрсенқұлова Құралай екенін мәйітханада Дәмелі анықтады. Сонау шалғай аудандағы туыстарына хабар беруге мекен-жайын жазып берді.

— Дәмелі, сіз соңғы рет Құралайды қашан көрдіңіз?

— Құралай да жұмыстан босай алмайды, демалыссыз жұмыс жасайды, тек айына бір күн ауылға ақша салғанда маған жолығады. Сол қай күні еді, қазір ойланайын, иә,иә сәрсенбі күні келіп кеткен.

— Сәрсенбі қаза болардан екі күн бұрын, екен,–дедім календарға қарап.

— Сізге бір жаққа барам деп, болмаса жаңалық айтты ма?

— Жоқ, еш жаңалық жоқ, ақша салдым, переговормен қызыммен сөйлестім,-деп қана айтты.

— Есіңізге түсіріңіз, сөз арасында біреумен бір жаққа барам деді ме?

Дәмелі біраз ойланып отырып:

— Жоқ, ондай ештеңе айтпады, жұмысы жақсы табысы молайғанын айтты, көңілді болды.

— Сол көңілді болуының себебін сұрамадыңыз ба?

— Сұрадым, сол ойындағыдан көбірек ақша жинапты, жартысын өз анасына, жартысын қызына салғанына көңілді екен.

— Көп ақшаны мүмкін біреу берген болар, есіңізге түсіріңізші.

— Оған кім береді?

— Енді жас келіншек, қолдау берер ер азамат тапқан болар.

— Ой, Құралай ондай емес, ол өзіне біреуді жолата қоймайды, ақша тіпті алмайды, -деп басын шайқады.

— Сіз жақсылап ойланыңыз. Құралай қаланың сыртынан табылды, екі кештің арасында барған, қасында ер азамат болған тәрізді,–дедім.

Дәмелі ұзақ ойланып:

— Білмеймін… Неге, не үшін? Ол қала сыртына неге барғанын білмеймін? Қасындағы қурбысы білер, мен білмедім,-деді

— Жақсы Дәмелі, сіз боссыз мына қағазға қол қойыңыз, біз сізге хабарласамыз,-деп шығарып салдым.

Оразды шақырып, бірден Құралай тұрған пәтерге бардық.

Пәтер дейтіндей пәтер емес, жекеменшік үйдің ауласына салынған бір бөлме екен. Үйдің иесі қарсы алды, толық келген, егде жастағы әйел екен, ұзын халат киген, басында орамал, аяғында жеңіл тәпішке, біздің қужаттарымызды көріп түрі бұзылып кетті:

— Бұл қыздар тыныш, тәртіпті, мен аз ғана ақша алам, өз туғандарымдай көрем, -деп есі шықты, бөлмеге жақындағанда:

— Жадыра, ау Жадыра,- деп есікті ақырын ұрды.

Сәл кідіртіп есікті Жадыра ашты. Уйқыдан жаңа тұрған ба, мыж-мыжы шығып, бет-аузын тырысып-пырысып, көзін сығырайтып бізге қарап шашын жөндеді.

— Жадыра, сендерге келіпті,-деді үйдің иесі .

Жадыра ойланып бізге қарап тұр. Тәртіп бойынша қужаттарымызды көрсетіп, ішке кірүге рұқсат сұрадық.

— Кіріңіздер,-деп өзі бізден бұрын ішке енді, артынан ілесе біз де кірдік. Жадыра бірден терезені ашып жиналмай тұрған төсегін тез ретке келтірді. Кішкентай шағын бөлме, қарама-қарсы екі төсек  тұр. Арасынан екі адам ғана өте алады, аяқ жақта есіктің қасында биік тумбочка, үстінде газ, оның қасында шағын жозы жарға тақалып қырымен тұр, жарға жабыстырылған шкаф, жанында тақтайдан жасалып, жарға қағылған киім ілгіш,  шымылдықпен жабылған, астында киім ілінген. Екі төсектің арасына жуқа шағын алаша төселген, газ бен төсек арасында ескілеу киіз, үстінде шет жағында ескі қурақ көрпе. Есіктің оң жағында қол жуғыш, жанында таза орамал ілулі тұр, төмен жағында екі қатарлы аяқ киім қойған полка, аяқ-киімдер уқыппен қойылған, бөлме шағын болса да көлденең жатқан ештеңе жоқ Жадыра төсекті көрсетіп:

— Отырыңыздар,-деді қобалжыған дауыспен.

— Жадыра, сіз Сәрсенқұлова Құралайды танисыз ба?–дедім.

Жадыра басын изеп қарсы төсекті көрсетіп:

— Біз бірге тұрамыз,-деді.

— Құралайды соңғы рет қашан көрдіңіз?

— Құралайды сенбі күні таңертең көрдім, ол бірнеше күн болды келмей жүр.-деді.

— Құрбыңыз үйге келмепті, неге іздеу салмадыңыз?

— Мен сенбі таңертең өз жұмысыма, ол өз жұмысына кеттік, мен бір тәулік жұмыста болдым, жексенбі күні таңертең келіп, күні бойы уйықтап, қайта бір тәулік екінші жұмысыма кеттім. Мен оны келіп жүр деп ойлағам. Біз бірге тұрсақта бір-бірімізді сирек көреміз. Кейде мен жұмыстан келгенше ол кетіп қалады, кейде ол жұмыстан келгенше мен кетіп қаламын.   Құралайдың келмей жүргенін бүгін қожайын апай айтты. Бір шаруалары шыққан болар деп ойладым, шаршап тұрғам, жата қалғам, кешке қайта түнгі сменге кетем,-деді қинала, қорқа сөйлеп.

— Түсінікті,-деп жан жағыма қарадым, Құралай төсегінің жарына фото суреттерін іліп қойыпты. Ер адамның мойнына асылып күлімдеп тұр, келесі фотода ақ той көйлекпен күйеуімен қол ұстасып отыр, үшінші фотода құндақтаулы сәбиге мейірім төге қараса, төртінші фотода кішкене қызбен аймаласып отыр. Тесіліп ұзақ қарап Құралайдың әдемілігіне сүйсініп кеттім.

— Ағай, Құралайға не болды?-деген Жадыраның даусы ойымды бөлді.

— Жадыра, өкінішке орай біз Құралайдың өлі денесін таптық,-деді бағанадан бері есіктің көзінде тұрған Ораз.

Жадырадан бұрын үйдің иесі шошып баж ете қалды. Ол Ораздың артында тұр екен. Жадыра естігеніне сенбей мелшиіп тұрып қалып еді, үй иесі қасына жетіп барды.

— Жако, Жако саған не болды?,-деді иығынан ұстап.

Жадыра сұп-сұр болып төсекке отыра қалды.

— Өлі денесі қалай? Қай жерден таптыңыздар?, -деді үйдің иесі.

— Жадыра, сіз сөйлей аласыз ба?–дедім. Ол ақырын басын изеді. Қарсы төсекке отырдым да Жадыраға мұқият қарадым. Жадыра өте арық, келте шашты, жағы шығыңқы, кең маңдайлы, үлкен шұңқыр көзді, мұрыны пушық келген, шошақ ерінді сары қыз. Сұрланып қанын ішіне тартып демалмай отырған сияқты, сәл дірілдейтіндей.

— Жадыра, мені естіп отырсыз ба?–дедім сәл даусымды шығарып.

Ол ойлы көзбен маған түк түсінбеген кейіппен қарады да:

— Нақты Құралай ма? Оған сенімдісізбе? -деп орнынан ұшып тұрып, Қуралайдың жастығының астын бір көтеріп, сосын көрпесін аударып жіберіп матрас астынан бірдеңе тапты ма, сәл кідіріп тұрды да, жылдам бұрылып:

— Міне, қужаты осында, оны қалай таныдыңыздар?-деп қаттырақ айтып жеке куәлігін ұсынды.

Көзінде бір үміт бар. Мен куәлікті алып оқыдым да:

— Жадыра отырыңыз, сізге қояр сұрақтарымыз бар, сізгеде қоямыз, –дедім үй иесіне қарап.

— Жақсы, жақсы ,-деп ол да муңды жасаураған көзімен қарап төсекке отырды.

Жадыра ақырындап төсектің шетіне  дәрменсіз күйде сылқ ете қалды. Басы салбырап, кеудесі селкілдеп жылап жіберді.

— Суды қайдан алуға болады?-деді Ораз. Үй иесі шкафтың қасын меңзеді, енді байқадым газ турған тумбочка мен жозының арасында шағын шелек бар екен. Әйел өзі турып, шкафты ашып, кесе шығарып, су алып, Жадыраға берді. Жадыра тістері сақылдап отырып, аз ішті де кесені қайтарды.

— Жадыра, сіз сәл өз-өзіңізге келіп алыңыз, сізге сұрақ,–дедім әйелге қарап, ол басын изеді.

— Сіз Құралайды соңғы рет қашан көрдіңіз?

— Сол, сенбі күні таң ертең кетті болды келмеді, екеүі бірге шығып кетті, сенбі кешке келмеді, жексенбі Жадыра келді, Құралай жоқ,  жексенбі тағы жоқ, дүйсенбі тағы келмеді бүгін бір қыз звондап Қуралайды сұрады, ол келмей жүргенін айттым, сосын Жадыра жұмыстан келді, оған алдынан шығып сұрадым, ол білмеймін бүгін келіп қалар деді,-деп Жадыраға қарады.

Жадыра басын изеп растап отыр.

— Сіз әрдайым үйдесіз бе?

— Иә, үйде отырам, денсаулығым нашар жұмысқа жарамаймын,-деді аянышты дауыспен.

— Жадыра, сізге Құралай таныстары туралы айтты ма?

— Таныстары…. Жұмысындағы қыздары тұралы жиі айтатын. Басқа жаңа таныс таптым деп айтпады.

— Сіз жауап беріңізші, Құралай жігіт ертіп келіп, болмаса жігіт шығарып салған кезін көрдіңіз бе?–дедім үйдің иесіне қарап.

— Ой, жоқ, міне екі жыл, тек жұмыс, үй, ешқайда шықпайды, сегіз болмай ерте кетеді , 10-11лерде кеш келеді.-деп тағы Жадыраға қарады.

— Жадыра, Құралай сізден сыр жасыруы мүмкін бе?

— Сыр кімде болса да бар ғой, бірақ біз бірге тұрғанмен бір бірімізге ашыла бермейміз. -деді астыңғы ернін тістеп.

— Сіздер  РОВДға бару керексіздер. -деп орнымнан тұрдым.

— Ағай, Құралай екенін қайдан анықтадыңыздар? -деді әлі естігеніне сенбеген көзқараспен.

— Біз рейдерге фото суретін салған едік, теледидардан қурбысы Дәмелі көріп, танып хабарласты,-дегенде Жадыра:

— Дәмелі…-деп талып түсті.

Жұмыс орныма келіп, опер жігіттерді Құралайдың жұмысына жібердім. Кіммен болды? Қаскөй кім?-деп ойлаумен болдым. Жадыра мен қожайыны келіп, өз көрген білгендерін айтып, қағазға жазып, қол қойып кетті. Опер жігіттер де тез оралды.

— Ереке, ешқандай да із таппадық, керемет қыз, мықты мастер, ақылды, пысық, достары жоқ, қылтың-сылтыңсыз, соңғы күндері де жаңа таныс анау-мынау болмаған бір қалыпты,  еш өзгеріссіз.

— Иә, қанішерді табу оңайға түспейтін көрінеді. Іліп алар түк жоқ,—дедім

Screenshot_11.jpg

3-бөлім.

Құралайдың туыстары келіп, танып, жерлеуге алып кетті. Келген туыстарымен де сөйлестім, олар да Құралай өжет, адал, шыншыл, еңбекқор, мейірімді адам екенін айтты. Айына бір рет ақша салып, қамқор болып жүргендерін айтады.

— Балам, сендер ол жауызды табасыңдар, менің ішім сезеді, қызым бостан-босқа құрбан болды, ол ешкімнің ала жібін аттаған емес,- деп анасы егіліп жылап, қолымнан ұстады.

— Біз іздестіріп жатырмыз, уайымдамаңыз табамыз,–дедім, бірақ өз сөзіме өзім сенбедім.

 Сонымен Құралайды туыстары алып кетті. «Бұл қалай осылай шешілмеген күйде қала ма?»,-деп ішім күйеді, титтей бірдеңе табылса ғой, шет жағасы шықса ғой. Құралайдың ісіне қайта үңіліп, әр парағын мұқият оқып отырмын, лабораториядан алынған парақты тесіліп қайта оқыдым.

«Ауыз қуысынан, тіс арасынан алынған қан сараптамасы ДНК нәтижесі бойынша: «Құралайдікі емес»,–деп жазылыпты, ұшып тұрып, зертханаға бардым.

Зертханадағы маман ойланып отырып:

— Аузында, тіс арасында, қан болды, анықтадық, мәйіттікі емес. Қыз адамның денесін тістеген тәрізді, ол бет, қол, аяқ болуы мүмкін, бетінде аздап соққының ізі бар, сол мезетте ұрып жіберген,-деді қабағын көтеріп.

— Сонда, қыздың аузындағы қан мөлшеріне қарағанда, жарақат терең салынды ғой.

— Әлбетте,

—  Жақсы, жақсы ол дегеніміз қаскөйде жарақат бар.

— Әрине ,әлі жазыла қоймады!-деп саусағын шошайтты.

— Сол жара жазылып кетпей тұрғанда тапсақ қой.

— Егер пластик жасатып әдемілетіп жасырмаса, жазылса да тыртық қалуы керек  -деді маман сәл көзін қысыңқырап.

— Ол, пластик жасата қоймас,–дедім де қош айтысып шығып кеттім.

«Қаскөйдің бір жері тістелген, қолы болмаса беті, енді тағы Құралайдың таныстарын іздеуім керек. Жұмысына барайын, қыздармен өзім сөйлесейін»-деп шештім де Құралайдың жұмысына бардым. Жігіттер сұрақтарына жауап алса да, бірдеңені жіберіп алған болар деп те ойладым.

Шағын көше қиылысында орналасқан шаштараз екен, екі үлкен айна креслолармен, бөлек стол креслосымен, жас қыз тырнақ жасап отыр, бұрышта раковина, қасында үлкен шкаф. Бөлменің бұрышы пердемен бөлінген.

— Сәлеметсіз бе ,шаш кестіресіз бе?-деп перде артынан ұзын бойлы арық қыз шықты.

Мен құжатымды көрсетіп, Құралайдың ісімен айналысып жүрген тергеүші екенімді айттым. Қайта сұрақ қою, жауап алу басталып кетті. Екі қыз кезек-кезек  Құралайдың керемет қыз болғанын, қамқоршы, пысық екенін айтты, бөтен досы жоқ, жігіті де болмағанын айтады.

 «Иә, жаңа ештеңе қосылмады»–дедім ішімнен.

— Айтыңызшы жұмыстарыңызда ренжитін келушілер болады ғой, жүзден бірі болса да, бір адам ренжіген жоқ,  болмады десеңіз мен сенбеймін,–дедім, мүмкін келүшілердің бірі болар деген күдікпен.

Өзін Алуа деп таныстырған шаштараз қыз аз ойланып отырып:

— Әрине, кикілжіңдер болады, бірақ біз ұрсысып бет жыртыспаймыз, азар болса ақшасын төлемей шығып кетеді, -деді Алуа иығын көтеріп.

— Клиент всегда прав, деген ғой,–дедім

— Солай,-деп Алуа ойланып отырды да:

— Құралай өзі келүшілердің тез тілін табады, бұнда мен кейде ұрсысып қалам,-деді тілін шығарып.

— Өткендееее, осыдан бір ай бұрын Құралай да бір келүшімен жаман ұрсысқан,-деді тырнақ жасап отырған қыз. Өзін Сәбира деп таныстырған еді.

— Қашан?-деді Алуа

— Сол жағдайды нақтырақ айтсаңыз, –дедім бетіне қарап.

— Алуа сен ол күні болмадың,-деді Сәбира Алуаға қарап.

— Айтыңыз, асықпай ештеңені қалт жібермей айтсаңыз жақсы болар еді,–дедім бар ынтамды қойып.

— Үш жігіт кірген, бір-бірімен қатты қалжыңдасып, жөнсіз кекетіп отырды, екеуі шаштарын алғызды, шаш алып болғанша Құралайға біресе былай ал, біресе сыпырып таста,-деп мазасын алды.

Үшінші жігіт отырғанда Құралай шашын ұстап көріп, басын жууын өтінді.

Жігіт:

— Ала берші, сосын жуам,-деді.

Құралай:

— Кешіріңіз, басыңыз қатты кір екен, машинкамды кір шаш бүлдіреді, -деп еді,

қасындағы екі досы күлкілерін тимай, мазақтай бастады.

— Құрмаш, шаш алғызам деп машинка төлеп жүрме.

— Мәәә, шашың сонда қаншалықты кір?-деп қарқ-қарқ күлді.

Құралай шашты алмай клиенттің басын жууын тосып тұрған.Ана Құрмаш деген:

— Ей, не тұрсың? Ал шашты,-деп бақырып жіберді.

— Неге бақырасыз? Басыңызды жумайынша мен алмаймын, шынымен басыңызда қум, топырақ, сіресіп тұр.-деді Құралай.

Анау екі досы тіпті күлкіден іштерін ұстап, қулауға аз қалды.

Құралай оларға қарап:

— Неменеге күлесіңдер?  Бұл жерде не күлкілі?-деді.

Екеуі бәрі бір күлкілерін тыя алмаған бойы сыртқа шығып кетті.

Шаш алдырғалы отырған жігіт:

— Сен аласың ба, жоқ па?-деді түрі сұрланып, көзі қанталап.

— Басыңызды жумасаңыз алмаймын, -деді Құралай да тіктене тесіле қарап. Жігіт орнынан ұшып тұрып:

— Сен мені аналардың алдында күлкі қылдың, -деді тістене Құралайға жақындап.

— Күлкіге қалдыратындай мен ештеңе артық айтпадым. Басыңыз кір екені рас, -деп еді.

— Ей ,кір емес, мен күнде жуам,-деді тіпті тесіліп.

Құралай да ашулы зор дауыспен:

— Арасы толған құм, лай, маған не істе дейсің? Не екі минуттық бас жуғанға ерініп тұрсың ба?-деді.

— Мен құрылыста жұмыс жасаймын, ойнап жүргенім жоқ,-деп Құралайдың иығынан ұстай бергенде, Құралай сілкініп қалды, мен де орнымнан ұшып тұрдым, менің алдымда тырнағын жасатып отырған үлкен кісі:

— Әй, сен не ұрмақшысың ба? Мынаны қара? Қазір мен милиция шақыртам, -деді.

Құралай оны жеңінен тартып есік жаққа итеріп жіберді де:

— Бар, құры! Әкіреңдейді ғой маған, енкілдемей жоғал!,-деді. 

Жігіт сұп-сұр болып қанын ішіне тартып, жаман көзімен Құралайға тесіле қарап, сәл тұрды.

— Мен милиция шақырдым,-деп телефон тұтқасын апай көтере бергенде жігіт шығып кетті.

Болды, Құралай біраз ашуланып, әрең өз-өзіне келді.

— Не деген достары? Жөні жоқ жырқылдап, мына жігіттің намысына тиді,- деп те айтты, жалғыз Құрмашқа емес қасындағы екі жігітке де ашуы келгенін жасыра алмай.

Содан кейін ол жігіт Кұрмаш деген келмеді. Құрмаш деген есімі есімде қалыпты, сирек есім ғой,»Көксеректегі» Кұрмаш есіме түсіп, умытпағам. Басқа ондай жағдай болмады,-деп Сәбира сөзін аяқтады.

— Сабира, рахмет сізге, рахмет,-деп аз ойланып:

— Сіз фото роботын салуға менімен барасыз  ба?–дедім.

— Мен суретшімін, қазір, салып берем-деп парақ алып, сәл ойланып отырып, сыза бастады.

Құанышымда шек жоқ, «бұл сол, сол болу керек»,- деп ойлаймын.

Сабира әдемілеп сол жігіттің(Құрмаштың) фото роботын емес картинасын салып берді. Алғысымды жаудырып, шықтым.

Керемет! Қатты қуандым, енді тез РОВД-ға тарттым. Ойым:»Жақын маңдағы құрылыс болып жатқан жерлерді тексеру, ең бастысы тістелген ізі бар адамды табу»,-деп жеттім.

Жігіттерді жинап суретті көрсетіп, сол аудандағы құрылыс болып жатқан жерді қалт жібермей тексерулерін өтіндім. Суретті көбейтіп, бәрі үлестіріп алып, шығып кетті. Тәулік өтті таппадық. Апта өтті жоқ, ай өтті жоқ. Тіміскілеп тексермеген жеріміз жоқ. Суреттін «ізеу саламыз»- деп барша жерге іліп, теледидардан көрсетіп жатырмыз. Алты айдан асты. Бастығым шақырды:

— Ерлан, не болды, Құралайдың өлімі ашыла ма, жоқ па?-деді.

— Іздеп жатырмыз, басеке, Алматы үлкен қала, құрылыс көп, сол жігітті тапсақ шешіледі,–дедім.

— Неге сол құрылысшыға жабысып қалдың?

— Басеке, ішкі түйсік.

— Сен ондайыңды  қой, бұл істі қоя тұр, басқа да толып жатқан шаруаларыңды тындыр,-деді қатал дауыспен.

— Қуп болады, бірақ, басеке, істі жаппай тұра тұрайықшы,–дедім.

— Өзің айттың ғой, Алматы үлкен қала, ол қызды кім өлтірді бір Қудайым өзі біледі? Сен басқа жұмыстарыңды қараусыз қалдырма,- деп қолымен кете беруімді меңзеді.

Бастықтың бөлмесінен салым суға кетіп, дәлізбен келе жатып, кезекшінің телефон тұтқасына:

— Сіз кімді көрдім дейсіз? Қандай қағаз?Қай жердегі, аа иә, теледидардағы іздеу саламыз… иә, қай ауданда екен? Жақсы, иә, түсінікті, қазір барады,-деп мені қолын булғап шақырды.

— Ереке, анау сіз берген қашқынды көрген адам бар екен,- деді.

Мә, қуанып кетіп, кішкентай бөлмесіне кіріп алып:

— Кім қай жерден көріпті???-дедім.

— Ой ,Алматының арғы жақ ауданынан, бір кемпір хабарласыпты.

— Әкел, әкел кім болса да, -деп мекен-жайды жулып алып жүгірдім. Талмасқа хабарласып оны жолдан ала кеттім.

Расымен Алматының арғы басына бардық, үлкен  алты қабатты үйдің бірінші қабатына кірдік.

Жасы шамамен 75-76-ға таяп қалған кәрі әжей екен. Пәтерінің есігін ашып бізді қуанышпен қарсы алды. Бізді жетектегендей ас бөлмесіне ертіп апарып:

— Қоңырау шалған мен, қазір, өздерің көресіңдер, оның дүкенге баратын уақыты болып қалды,-деп терезені нусқады.

Талмас екеуміз терезеден далаға тесіліп тұрмыз.

— Ол анау подъезден шығады, екінші қабатта біреудің үйін жөндеп жүр, өткенде терезесін жөндегенде байқағам, құрылысшы, олай дегенім өмірі шаң-шаң жүреді,-деп апай сыбырлап ақырын айтып тұр.

— Мен оның суретін теледидардан күнде көрем, бірнеше рет әдейі алдынан да шығып, бетіне қарадым, бірақ…-деп тоқтап қалды.

Біз әжейге қарап:

— НЕГЕ БІРАҚ???,-деп қосарлана айтық.

— Оның сол бетінде, міне, мына жерінде домалақ терең тыртық бар,-дегенде менің іші-бауырым езіліп кеткендей болды.

— Анашым!!! Ол дәл өзі! Айналайын Анашым!!! Недеген мұқият жан едіңіз, -дедім  құшақтап.

— Әне, әне ,-деді.

Ол, жайбарахат ештемемен шатағы жоқ кетіп барады, ана жақта жетім қалған қыз, еңіреп қалған ана, бұл жауыздың ойына кіріп-шықпайды. Адам өлтірдім деген қорқыныш пен сескену де жоқ. Тығылып үрейленбейді, емін-еркін жүр.

— Талмас, қазір ұстап әкетуіміз керек, қаруың бар ма?—дедім жарылардай.

— Бар, кісенімде жанымда,-деді Талмаста қуанышты дауыспен көзі жайнап.

— Жүр,-деп есікке беттеп, әжейдің қолын екі қолыммен қыса ұстап алғысымды білдіре тұрып:

— Сіз қанішерді ұстауға көмек еттіңіз, -дедім, әжей қабағын шытып:

— Ұстаңдар, қамаңдар!-деді.

Қылмыскер кірген дүкеннің алдын торып  екеуміз екі жақтан тұрмыз. Ол баяу басып, қолында пакеті бар дүкеннен шығып келеді.

Алдынан мен шығып:

— Сәлеметсізбе?-деп тоқтаттым.

Ол бетіме тұра қарап кідірді.

Талмас артынан  келіп қолын қайырып кісен салды.

— Сіз Сарсенқұлова Құралайдың өліміне кінәлі ретінде қамауға алындыңыз,–дедім дауыстап.

Ол көзін алартып бір қарады да, басын салбыратты.

Screenshot_12.jpg

4-бөлім.

Тергеу изоляторы. Өз теріме өзім сыймай, қағаздарына қайта-қайта қарап, күтіп отырмын. ДНК сараптама нәтежесі,  бәрі нақты осы ұсталған адамның сол кездегі қанішер екенін дәлелдеді. Құралайдың аузынан табылған қанымен қоса, тырнақ астындағы тері қалдықтары да осы адамдікі болып шықты. Адам деп қоям, бұл адам ба?

Кірді, түрі сұрланып кеткен, өңі боп-боз, қараторы, шашы қалың қап-қара, маңдайы тар, қалың қабағы шүңірейген көзін басып тұр, жанары жарқылдағанмен суық, домаланған қалың кірпікті көзі сондай өнменіңді тесердей, сәл қоңқақтау келген үлкендеу мұрны, мұрты басқан еріні қызарып көрінеді, шошақтау иегін сақалы қаулап басып тұр, қысқа мойынды, ұзын бойлы, шымыр денелі.

Қарама-қарсы отыр, үн жоқ, ақталып, болмаса жалтарып ештеңе айтпайды.

— Мен тергеуші, Ізбасаров Ерлан болам,–дедім.

Ол көзіме тұра қарап:

— Жарадың Ізбасаров, шенің қандай?-деді гүрілдеген жуан даусымен.

— Менің шенім маңызды емес..

— Мен үшін өте маңызды,-деді сөзімді бөле.

— Аға лейтенант.

— Ммм ,-деп басын шайқап қарқылдап күліп жіберіп:

— Аға лейтенант…. иә, бар жоғы аға лейтенант. Жарадың! Жарадың басың қатты істейді екен. Саған бірден капитанды берер. Мені бар-жоғы аға лейтенант ұстап алды. Неше жыл болды тіміскілеп жүргеніңе? Өзің оқыған бәлесің сірә. -деп тағы қарқылдап күлді.

— Бері қара, азамат Қурмаш Пәленбаев, мен сұрақ қоям, сен жауап бересің,·дедім ашулы дауыспен.

— ҚОЙ!.-деді зілді дауыспен.

— Саған Сәрсенқулова Құралайды өлтірді деген айып тағылды. Оған дәлел Сәрсенқұлова Құралайдан табылған тырнақ астындағы тері, ауыз уртынан алынған қан және жыныс мүшесінен алынған спермадағы генетикалық сараптамасы ДНК нәтижесінің 99,9% сенікі екенін дәлелденді. Сонымен қатар және бетіңе түскен тыртық, сені таныған күәгердің дәлелі қоса бар.-дедім.

Ол қолын шапалақтады.

— Не үшін өлтірдің?

Ол бозарып шапалақтағанын тоқтатып, сілейіп қалды.

— Жауап бер, не үшін Сәрсенқұлованы өлтірдің?

— Құралай, ол өте сұлу, батыл, қайсар, ақылды, пысық…-деп ойға батып кетті, қабағын түйіп алысқа кетіп қалғандай болып терең күрсінді. Көздеріне жас толып, тамағын созып алды да басын салбыратты. Сәл алақанымен стөлдің үстін сипалап-сипалап:

— Мен оған өлердей ғашық болдым, сыртынан неше күн бақылап қарадым, арасында бір рет шашымды да кестірдім. Ол қас сұлудың өзі, дауысы, жүрісі бәрі-бәрі маған қатты ұнады. Сол күні, дәл сол күні мен жұмыста болғам, сыныптастарым келген. Шаштаразға ертіп келіп, осы қызға ғашық екенімді, қызым дегендей айттым, айтқан себебім олар көз салмасын деген ойым еді. Дәл сол күні төбені сылағам, шашым таза болғанмен арасы қоқымға толы екен, оны мен ескермеппін. Құралай екі досымның шашын алып берді, олардың қылжақтағанын да көтеріп, сыпайылық танытып тұрды. Мен қызғанып барам. Енді кезек маған келгенде:

— Басыңыз кір екен, жуып жіберейік, болмаса машинкамды бүлдіреді, -демесі барма.

Екі досымның алдында мазаққа қалдым. Екі досым бұл қыздың ешқандайда менің қызым емес екеніне көздері жетіп, тіптті кекетті. Ашудан өліп кете жаздадым, Құралайды екеуінен қызғанғаным соншалық , ол менікі, менің айтқанымды істеу керек деп, буйырып едім, Құралай көнбеді. Екі сыныптасым тіптті жарылардай күліп сыртқа шығып кетті. Құралайды сабап тастағым келді. Өз ашуыма өзім булығып, не айтқанымды білмеймін. Ақыры «милиция шақырамыз»- деп, мен шашымды да алғыза алмай сыртқа сүмірейіп шықтым.

Екі досым мені сырта тосып тұр еді:

— Бұл қыздың теңі сен емес, босқа сілекейіңді ағызба, ол қыз мына Алматыны таң қалдыруға келген, сен сияқты шаң-тозаңды менсінбейді, тіпті бізді менсінбейді,-десе, біреуі:

— Сен көзіңді ашып қарасаңшы, ол деген хансарайына арналған хор қызы ғой. Сен оны қаратам деп әүре болма, оны қарату үшін қалың қалтаң, астыңда көлігің, басыңда үйің болу керек,-деді екіншісі.

Екеуі кезек-кезек Құралайдан күдерімді үзүімді айтып, «Ауылымыздың сиырын сауып, отын жағып жүрген қара қызын ұста»-деп күліп кетті.

Сол күннен мен күдерімді үзүдің орнына, керісінше дәл осы Құралайды өзіме қаратып, қатын етіп алып, мына екі досымды шалқасынан түсірмесем деген мақсат қойдым. Жөндеу жасап жатқан үйімді аяқтап, ақшамды қалтама салып, ауылға барып, әкемнің көлігін мініп, Алматыға қайта келдім. Бір-екі күн Кұралайды сырттай бақылап жүріп, алып қашпаққа бекіндім, көзіне көрінбей сырттай жоспар қурып бақыладым, болмаса ол мені жолата ма?

Жұмыстан қайтып, өз пәтеріне айнала берген бұрылыста арт жағынан келіп, желке тұсынан бір қойдым. Қанша дегенмен қыз бала емес пе, талып қалды, дереу көлігіме басып алып, ауылыма қарай зымыратып барамын. Ескі жолдармен жүйткіп бара жатыр едім, Құралай есін тез жинап алып, көліктен шығып кетер әрекет жасап, есікті ашып қалды. Мен де тез тоқтай қалдым, ол артқы орындықта еді, көліктің есігін айқара ашып тастап, қаша жөнелді, мен де қудым, дала қараңғы болатын, ол шалынып қулады. Бас салып мен де үстіне қулай кеттім, екі қолын басынан асыра басып тұрып үстіне мініп алып көздеріне тесілем. Ол мені танымады. Тек «Жібер! Жібер»-деп айқайлады. Мен аузын жаппақ болып, ернінен сүймек болып едім. Ол бетімнен қыршып қатты тістеп алғаны, тіпті тістеген жерін жібермейді, жаным көзіме көрініп ұрып жіберіп, әрең босадым, бетімнен қан сау ете қалды. Орнымнан тұрып бетімді ұстап, не істерімді білмей тұрсам, Құралай ытқып тұрып, қайта қашты, артынан қудым, дәл көпірдің қасына келгенде желкесінен ұстадым. Ол жулқынып:

— Қутқарыңдар! Көмектесіңдер!-деп айқайлап бой бермей барады, кеуде тұсынан екі рет қойып-қойып кеп қалдым, ол талықсыды, бірақ талмады, қақалғандай жөтеліп ауа жетпей тұрғанын сезіп тұрмын. Сүйрелеп төмен түсірдім, ол талықсып тұрса да, тырмысып бой бергісі келмей ,бар күшін жинап ,менен қутылмақшы болып жұлқынды. Бір-екі рет қатты тырнап та алды, тырнақтары пышақтай өткір. Ақыры тізерлеп етбетімен қулады, еңбектеп қашпақшы. Мен ашуға булығып, оның көнбей жатқанына жыным келді, бетім тістелді, ол аздай тырналап та тастады, еңбектеп бара жатқан Құралайға ызам келді. Артынан түйіліп трикомның бауын жулып алып қылқындырдым, ол бәрі-бір бой бермей жулқына берді, жулқынғанына мен одан сайын ашуланып, бар күшімді салдым, ол талғандай болды, аударып бетіне қарасам, өліп қалыпты.

Сол кезде мен бұл қыздың енді еш уақытта менікі болмайтынына көзім жетті. Ыза болдым, орнымнан тұрып бақырдым, басын көтеріп, бақырайып жатқан көзіне қарап:

— Сен өзің кінәлісің неге сонша қарсылық көрсеттің?–дедім, ол өте сұлу, өліп қалса да сұлу.

Мен қарап отырып:

— Жоооқ, сен бәрі бір мендік боласың деп ,біраз жулқылап ары-бері аунаттым, кофтасын жырттым, шалбарын тез бір балағын сыпырып алдым, оның денесі әлі суй қоймаған еді. Мен оны иелендім, сол кезде уқтым, ол әлде қашан әйел екенін, ашуым одан ары қозды, жиіркендім, «Сен қыз да емес екенсің ғой»,-деп бақырып, жарылардай болып кетіп қалдым. Құралайды иеленсем де менікі болмағанына ашуландым, жындандым, ауылыма тайып тұрдым. Мені тауып алар ештеңе қалдырмағаныма сенімді болдым. Мұқият жан-жағымды қарадым, дала тас қараңғы болатын. Ауылда бетім жазылғанша үйден шықпай отырдым. Бетім жазылған соң, ақша керек, тамақ керек, біраз ауылда мардымсыз жұмыс жасап жүрдім. Арада жарты жыл уақыт өтті, мені іздеген жан жоқ. Топас басым теледидарға салады деп ойламаппын. Ондай барын да білмеппін, өйткені сол теледидарға қарамайтынмын да, үйімізде сол телевизор деген құр сувенир ретінде тұрмаса көрсетпейтін. Жарты жыл өтті, Құралайды ит құс жеп кеткен болар, деген ой да бар еді. Алматыға қайта келдім, басқа ауданынан жөндеу жұмысын жасатам деген адамдарды іздеп жүріп таптым. Сол жерден ұстадың. Сонда бұл қаланың адамдары бір-бірімен араласпаса да, өте сақ болғандары ғой. Керемет! Сырт көзге бір-бірінмен шаруалары жоқ жүреді. Ауыл адамдарына уқсап, тұрып алып өсек айтпайды, саған не болды?-деп сұрамайды. Есесіне керекті жерге хабар береді,-деді де өз-өзін тоқтатай алмай қарқылдап күле берді.

— Күлгеніңді доғар, тоқтат, дегеніме қулақ аспады.

Мен аң-таң болдым. Ол бір есі ауысқан адам болды да қалды….

Екі ай тергеу болды, алғашқы күні айтқан мәліметінен басқа ештеңе ала алмадым, ол жынды болып қалды. Мықты дәрігерлер қарап оның расымен есінен адасқанын анықтады. Оның туқымында ауытқу бар екені дәлелденіп, анасы кезінде наркологиялық тіркеуде болғаны анықталды. Сот болып оны ұзақ мерзімге есінен ауытқу колониясына жіберілді.

Мойнымнан жүк түскенімен, жүрегімнен күдік кетпеді. «Ол оңбағанды дегенмен, қатал режим колониясына жіберу керек еді»,- деп күйінем. Заң, иә, бұл заң, заңға қарсылық жасай алмайсың.

Жеңісгүл Турсунбаева

Есаманның шешесі (әңгіме)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу