«Қатын» деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің: Мұқағали Мақатаев

Oinet.kz 27-08-2022 3163

Бірде Мұқағали қатты қызу, көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали: 

Screenshot_2.jpg

— Шопыр бала, шопыр бала! Мәшинаң да орын барма отырғанға? - десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист əйел екен) әйел: 

— Мен саған бала емеспін, - депті.  

Сонда Мұқағали тағы да: 

— Шопыр қыз, шопыр қыз! Онда мені мәшинаңа отырғыз, - депті. 

Əйел тағы да: 

— Мен саған қыз емеспін, - депті. 

Мұқағали əйелдің бетіне қарап: 

— Шопыр қатын, Шопыр қатын! Мәшинеңде орын бар ма отыратын?! - депті.  

Ашуға булыққан əйел: - Немене, келіншек десең тіліңе жара шығама, қатын деп қақылдамай? - десе, Мұқағали: 

— Əй қалқам, "қатын" деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің. 

"Қатын" деген қасиетті бес əріптен құралған: 

Қ - дегенім — қадірлім, 

А - дегенім — ардақтым, 

Т - дегенім — тынысым,  

Ы - дегенім — ырысым,  

Н - дегенім — намысым! - деген екен. 

Сонда əйел, "Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!" - деген екен...

Шытырманға толы 5 бірдей мистикалық әңгіме
Қазақтар неге қырық санын қастерлейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу