Аты аңызға айналған — «Оқырман ағай»
Аты аңызға айналған — "Оқырман ағай" Шымкент қаласының тұрғыны, Мега орталықта орналасқан "Мэрвин" кітапханасының тұрақты оқырманы, "Аты аңызға айналған — оқырман ағай" атанып кеткен қария әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды.
Бұған бір себеп, оқырман қарияның кітапханаға күнделікті һәм үзіліссіз келуінде. Мұнда келген өзге оқырмандар "Оқырман ағайдың" келбетіне, жүріс-тұрысына тамсанады. Кітапханада қарияға арналған арнайы орындық бар. Бұл орындыққа "Оқырман ағайдан" өзге ешкім отырмайды.
Ерекшелігі мол қария жайлы оқырмандар
"Жапон жазушысы Рюноскэ Акутагаваның "Учитель Мори" деген әңгімесіндегі сэнсейге ұқсатады. Тіпті, қарияны көрісі келетін адамдардың қатары көбейген. Сонымен қатар кітапханаға келушілердің де саны артқан.
"Мэрвин" кітап дүкенінің сатушысы Камаланың айтуынша, қария әр күні кешкі 18:00- де келіп, бірнеше сағатта бір кітапты оқып бітіреді. Һәм ол психологиялық, детективті шығармаларды оқиды екен.