Баяны жоқ жалғанның бес күнінде. Жалған дүние туралы өлең

Oinet.kz 08-09-2020 1158

Көңіл-күй.jpg

Баяны жоқ жалғанның бес күнінде,

Соға бердім айналып ескі күнге.

Жаздың үні жыраққа кеткен сайын

Сазды мұңы жақыннан  естілуде.

Ұзатып сап жаз дейтін құба қызды,

Қарсы алатын жыр жазып  құла күзді.

Халық еркелеткенмен хəліңді ұғып,

Өмір еркелетпейді-ау сірə бізді .

Естелікті айлар мен жыл құрайды,

(«Ескеріпті»-деп кейін кім жылайды?)

Қайта алмаған күздегі құстай болып,

Пай-пайлаған көңілім тұнжырайды.

Құлазиды қырлар да гүл қаптаған,

Құла күздің даласы жұмбақ маған.

Жазды қойшы,айналып тағы келер,

Менің жазым күн сайын қымбаттаған ...

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ

Жылан жұтқан күн
Алғашқы, жаңа депутат (Әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу