Қалқаман-Мамыр тағдыры
Қалқаман-Мамырдың тағдыры қызық қой. Қыз ықтияр. Бірақ қызды бұрын атастырып қойған басқа бір жаққа берейін деп отыр. Әйтсе де жігіт пен қыз өзара серттесіп келіскен. Алып қашып, ұсталып қалады ғой. Соны би аямай жазалайды. "Қалқаман атпен шауып өтсін, қыздың ағайын-туыстары жігітті садақпен дәлдеп атсын" -деп кеседі би. Атқан адамнан болды ма, әйтеуір Қалқаман жараланады. Сонда да қызды алып қашып кетеді. Қалқаман мен Мамырдың осы Алматыда үрім-бұтақтары әлі де бар. Өздері Арғыннан тарайды.
Қасымхан Бегмановтың "Этнографпен әңгіме" кітабында осылай делінген. Берілген серттен таймай, басын бәйгеге тіккен Қалқаман-Мамырдың бүгінгі ұрпақтары туралы білгендеріңіз бар ма?