Путин шын мәнінде кім? Путинге 70 жыл
07-10-2022
Бірде партизан-жазушы Қасым Қайсенов пен Сәбит Мұқанов кезігіп қалады. әдеттегідей Сәбең шұрқырай амандасады.
– Сәбе, Украинаға барып қайттым, – дейді Қасым Қайсенов.
– Дұрыс.
– Филатовтың ауруханасында болып қайттым.
– Дұрыс екен.
– Ауруханада көзіме операция жасатып қайттым.
– Дұрыс болған.
– Сәбе-ау, мұның несі дұрыс, сау көзбен барып, шыны көзбен қайттым ғой!
– Ә, онда дұрыс болмаған екен! – депті сонда Сәбең.
Екінші жаһан соғысының әйгілі партизан батыры Қасым Қайсенов бірде өзінің меншік машинасымен тау бөктеріне қарай серуенге шығыпты. Адам бейнет шегейін десе аяқ астынан емес пе, бөктер жолымен келе жатқан Қасекең жаза басып, тереңдігі үш метрдей болатын шатқалға машинасымен аунап кетеді. Абырой болғанда, Қасекең тірі қалады. Бірақ қатты жарақаттанып емханаға түседі. Мұны естіп, жылап-еңіреп, құрдасы Сырбай Мәуленов жетеді ғой. Сырбай мән-жайды сұрап, мұндай кепке қалай тап болғанын білгісі келеді.
Қасекең рухы берік жан ғой. Егіліп отырған жан досына сыр білдірмей, қарабайырлап жағдайды айта бастайды: «... Содан ойда жоқта шамасы екі-үш метр болып қалатын құлама жардан аунап-ақ кеткенім!»- депті.
Сонда, күйзеліп отырған Сырбай көзінің астымен сүзе бір қарап алып: «Бәрекелді, Қасеке-ау, сіздің дардай атыңызға үш метр деген ұят қой. Бұл сөзіңізді мен ғана естиін. Менен басқаға отыз метрден құладым деңіз!» − деген екен.
Кейін Қасекең жазылып шығады. Күндердің бір күнінде Сырбайды көшеде мотоцикл қағып кетіп, емханаға түседі. Мұны естіп, енді Қасым көңіл сұрай келеді ғой. Көңіл сұрап мән-жайды білген Қасекең: «Әй, Сырбай, сен бұл әңгімені менен басқаға айтпа, ұят болады! Түйедей Сырбайды торпақтай мотоцикл қақты деген не сұмдық?! Сен жұртқа КамАЗ қағып өтті де, сонда жарасады!» − деген екен.
* * *
Атағы дардай қаламгерлердің бірі Бауыржан Момышұлына жолығып қалғанда:
– Бауеке, мені М-ға мақтапсыз ғой? – дейді.
– Басқаларға айтып жүрсін деп мақтадым.
– Сөзіңіздің төркінін түсінбей тұрмын, Бауке.
– Тактика, батенька, тактика.
– Қандай тактика? – дейді анау.
– «Таспен ұрғанды аспен ұр» дейтін, – деген екен Баукең сонда
* * *
Бауыржан Момышұлына бір жазушы:
– Бауке, Москва маңындағы шайқастар туралы кітап жазып едім, үстінен қарап шықпас па екенсіз. Сонан соң екеуміз соавтор болсақ, – деп тілек білдірпті.
– Дурак! – депті Баукең шарт шытынап. – Ішінде бір сөйлемім жоқ мен қалайша соавтор болмақпын. Онанда алғы сөз жазып бер демейсің бе?! – деген екен.
* * *
Бірде, Бауыржан Момышұлы пойызбен жол жүріп келе жатып, Еңбек Ері жұлдызын омырауына таққан бір кісімен сапарлас болыпты. Пойыз қозғалып, ұзақ жолға бет алған кезде Баукең:
– Ал, енді таныспаймыз ба, бір үйге тіреу болғандай бой-сойыңыз бар екен, кім боласыз? – депті. Баукеңнің сөзіне бейтаныс қазақ ыңырана жауап беріп:
– Кім екенімді көрмей отырсың ба, Герой боламын! – дейді. Бұл жауап Баукеңе ұнамайды да, қатқылдау үнмен:
– Бұл Батыр атағын не үшін алдыңыз? – деп сұрайды.
– Жүз биеден жүз құлын алғаным үшін! – депті бейтаныс қазақ. Сонда Баукең:
– Айғыр шапты, байтал тапты, оған сенің қандай қатысың бар. Герой атағын саған емес, жүз биеге жүз құлын таптырған айғырға беру керек еді. Текке мақтанып отырсың. Ал, мына мен Москва түбінде – Волокаламск тас жолында қалың жауды жайратсам да, омырауыма бір де медаль таққаным жоқ. Бірақ, халық қойған Батыр атағым бар! – деген екен.
Осы сөзді естігенде, бейтаныс қазақ қорбаңдап орнынан атып тұрып:
– Ах, Баукең екенсіз ғой, ағасы менен бір әбестік кетті, кешіріңіз! – деп, Баукеңнің қолын алған екен дейді.