Құралайдың салқыны деген не?

Oinet.kz 05-09-2020 1298

Құралайдың салқыны.jpg

Мамыр айының соңына таман (25-30 аралығы) "Құралайдың салқыны" аталатын салқын бар. Осы уақыттарда жауын-шашынды суқ жел тұрады. Көктемнің соңғы күндері болса да табиғаттың бұлай мінез көрсету себебі, осы үш күннің ішінде киіктер төлдеп, құралайын өргізіп үлгереді. Бұлда Алла тағаланың қорғансыз жануарға түскен мейрімі. Суық желмен жаңбырда киіктің төлдері тез ширап, аяқтанып топқа ілесіп кетеді. Ең кереметі, киіктер лақтап, құралайы аяқтанып кеткенше (үш күн) қасқырлардың етке тәбеті болмай қалады екен. Қасқырды еттен жерітіп, төрт аяғына ғана сенетін желдей жүйрік жануардың лақтарын Алла тағала өз қамқорлығына алады.

Алланың құдіреті шексіз ғой, Қазақ елінеде мейрімі түсіп, саясаттың салқынымен шираған жаңа биліктіңде күні туар. Қасқырдай қарпыйтын жемқорларда жеуден жеріп, киіктің лағындай тәлтіректеген жас мемілекетімізде аяққа тұрар.

Иә, лайым солай боғай. Рамазан айында тілеген дұға, тілектеріңіз қабыл болып, қазақ халқын емін-еркін өсіп-өнуге жазсын жаратқан!

Айдар Темірбекұлы

Рамазан айы. Рамазан айы туралы
Қызғалдақ ғұмыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу