Рамазан айы. Рамазан айы туралы
Ұшқан құстыңда жүгірген аңныңда іздегені өмірғой. Адамда солай. Айырмасы ақылында ғана. Алдағы тірлігімізді ақылмен шешіп, сабырмен салмақтауға жазсын жаратқан. Бүгінде, саясаттың салқыны ұрған талай қазақтың көктемнің шуақты күндерін сезінбей жүргеніде рас. ФБ бетін қаптаған ұранды жазбалар соның дәлелі. Біреу тойып секірген, біреу тоңып секірген мына заманда аңғал халық кімге сенерінде білмей қалды. Бұрынғы билікке наразылығын ашып айтып, ашынған елдіде түсінуге болады. Сонда да болса Құдай тілімен жағына қуат беріп қойған дуалы ауыз бауырларыма айтарым: Онсызда ертеңін ойлап елеңдеп отырған елді елірте бермеңіздер. Өртті тұтату оңай, өшіру қиын. Жалынға шарпылатында өз жақының, түтінге қақалатында өз қазағың болмақ. Биіктен қарап отырған биліктің ештемесі кетпейді. Олардың аунай кететтін жерлері дайын. Ал!, өрт ошағында қалатын өздерің! Сондықтан арандаудан сақтанып, алды-артымызды ойлап сөйлегеніміз дұрыс ау. Енді-енді иманға ұйып, ораза парызын өтеп жатқан халқымыздың берекесін алмайық. Алдағы күндер қанша маңызды болсада, Алланың, ел-жұртымыздың разылығы үшін Рамазан айын сыйлайық, ағайын!
Айдар Темірбекұлы