Жігерлендіру. Жолаушы туралы эссе

Oinet.kz 05-09-2020 1306

Screenshot_3.jpg

Ертеректе бір жолаушы сапар шегіп келе жатады. Бір сарынды жайлы жүрісі бар атының үстінде ойға батып кеткен жолаушы, кенет "тысыр" еткен дыбыстан басын көтеріп алады. Алдына қараса қос қара аттылы келе жатыр. Сауыт-сайман асынған, бес қаруын сайланған қос қара аттының жүрісі суыт, түсі суық көрінді. Жолаушы енді оң жағына қарады. Бұл жақтанда солай, қос қара атты келе жатыр. Тездетіп сол жағына сосын артына қарады, мұнда да солай. Барлық жағынан қос қара аттылыны көрген жолаушы шошып кетті. Бойын үрей билеп, маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды. Жан-дәрмен басындағы малақайын жұлып алды. Енді қараса ештеме жоқ. Малақайын кисе қос қара аттылы пайда бола қалады. Таң қалған жолаушы жағдайды кейіндеу түсінді. Сөйтсе, қос қара аттылы болып көрінген, малақайының маңдай тұсындағы салбырап тұрған жүндері екен. Тер тиіп ширатылған қозы малақайдың жүндері көз алдына түскенде солай көрініпті)

Мұндайда Қазақ, "Қорыққанға қос көрінеді" деп жатады. Аюдай ақырған орыс дейміз, аждақадай ысқырған қытай дейміз, тағы басқа дейміз, жан-жағымыз анталаған жау. Қайда қарасақта қаптаған "қос қара аттылы". Бұл бүгінгі қазақтың үрейі!

Құрметті қандастар, қанша айтсақта қорыққанмен жан қалмайды. Әке қорықса баланың иманы ұшады. Ондай баладан елге қорған шықпайды. "Үрей" деген бәлені жолаушының малақайындай лақтырып тастап, жан-жағымызға жасқанбай қарайтын уақыт жетті. Еңсеңді көтер, Рухыңды түсірме! Ешкімненде қорықпа, халқым, Қазағым!

Айдар Темірбекұлы

Түлкімін деп мақтанба
Рамазан айы. Рамазан айы туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу