Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Дос Көшім ағамыз айтқан деседі:
Биік талдың басында қарға қонақтап отырады. Аузында ірімшік. Мұны байқаған түлкі әдеттегідей қарғаны алдап ірімшігін олжаламақ болады.
-Қарға, қарға сенің дауысың Димаштың дауысындай бір керемет, мен үшін бір сайрашы -десе, қарға үн қатпаған күйі отыра беріпті. Қулығы өтпей қалған түлкі сәл ойланып тұрып:
-Қарға, қарға сен сайлауда дауыс бересің бе? - десе, алданбауға тырысып отырған қарға:
-Жоқ! -деп, айтып қалған ғой. Жерге түскен ірімшікті іліп алып түлкі жайына кетеді. Тағы оңбай алданғанын түсінген қарға ойланып отырып айтқан екен:
-Иә!, десемде ірімшік түсетін еді ғой -деп.
Дос ағамыздың, "Әділетсіз сайлауда қандай дауыс шығарсаңда түлкіге жем боласың" дегені болар. Солай болғаны да рас.
Бірақ, бұл сайлау бұрынғыдан өзгешерек. Әлдеқайда белсендірек. Алдана, алдана қаны қарайған қарғада бұл күндері мұз балақ бүркітке айналды. Қанаттары қатайып, қанжардай өткір тырнақтарымен бүре түсуге дайын отыр. "Түлкімін деп мақтанба, түлкіде түсер қақпанға" дегенің кері келіп, алдауға келген түлкінің бел омырқасын үзүп жіберуі әбден мүмкін.
Байқасаңыздар елдің бет алысы осылай, ағайын. "Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" деген бар. "Байкот, майкот" дегенді қойып, бір кісідей бірігіп сайлауға барған дұрыс. Түскен ірімшікті түлкіге жем қылмай, бір қазанда қайнауын қадағалап өз несібеңнен айырлмауға тырыс. Сайлау еріккенің ермегі емес, елдің, бала-шағамыздың болашағы екенін ұмытпайық, ағайын!
Айдар Темірбекұлы