Қызғалдақ ғұмыр
Биылғы жыл ерекше қызғалдақты көктем болды. Қарағанның көзін қаритын бейне бір шашылып жатқан шоқ дерсің. Қайбір жылдары қатарынан жалғасқан құрғақшылық болып, тамырын терең жайған қарағай талдар қурап кеткен еді. Сонда ойлаушы едім, қарағай тал қурап жатқанда біздің өңірде енді қызғалдақ шықпайтын шығар деп. Олай болмады. Қырдың үсті құлпырып тұр. Қызғалдақ қаншалықты нәзік болса, тұқымы соншалықты төзімді келеді екен. "Қызғалдақ ғұмыр" десе дегендей, ғұмырыда тым келте. Жер бетіне жайқалып шыққан соң, көз қуантып үлгермей жоқ болады. Сол бір қысқа ғана ғұмырында, талай жанның жанын жадыратып, қарағанның көзін қуантып, жұтқанға жұпарын шашып, өзіде көктемнің самал желімен жапырақтарын үкүдей ұшұрып, тозаңданып үлгереді. Апталыққана ғұмыры бар қызғалдақ, қатты ыстықтыда, суықтыда көтере алмайды. Соншалықты нәзік әрі кірпияз. Қарап тұра бергің келеді, осылай мәңгі тұрса екен дейсің. Бірақ олай болмайды. Мінсіз сұлу денесін сұғанақ көздерден жасырғандай жер ананың көрпесіне көміліп ғайып болады.
Олда дұрыс шығар. Жақсыданда тез жалықтыратын мына бір жалған дүниеде ұзақ тұрғысы келмейтін болар. Я, болмаса тірісінде барының бағасын білмейтін адамзаттың алдында қадірім кетпесін деймекен, кімбілсін...
Айдар Темірбекұлы