Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар

Oinet.kz 22-03-2020 1782

image.png

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

Өнер – жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

Қасымхан Бегманов: Мына дүние көктем сайын көктейді
Ыбырай Алтынсарин. Балғожа бидің баласына жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу