Бек Жылқыбаев: Сезем мен де

Oinet.kz 19-08-2020 851

image.png

Сезем мен де,

Сенің көңіл күйіңді,

Шешіп көрдің, шешілмейтін түйінді.

Бар қиындық бір басыңа үйілді,

Ауырлықты арқалауға бұйырды.

Көтермедің көп алдында сыйыңды,

Жүре-жүре жүрегің де күйінді.

Қарсы шығып кездестірдің құйынды,

Сезем мен де,

Сенің көңіл күйіңді.


Сезем мен де,

Сезіміңді іштегі,

Өзің еккен, егінің де піспеді.

Жақындарың жамандықты істеді,

Батты саған, барлығының тістері.

Қуанған сәт, өтіп кеткен түс тегі,

Қасыңдағы жанның бәрі күшті еді,

Күн сәулесін, күткен едің, түспеді.

Сезем мен де,

Сезіміңді іштегі.


Тек басқаға берді дерсің тәуірін,

Келді дерсің қара түнек дәуірің.

Тілегіңді қабыл етер Тәңірім,

Не ойласақ,

Сол болмай ма? Бауырым...

Бек Жылқыбаев: Жалғыздық
Қасым Аманжолов: Ақын өлімі туралы аңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу