Сағындырған көктем. Өлең
Көктем келед, көктем келед,
Алыс жақтан, бөктерден.
Біздер күткен сұлу көктем,
Келеді сол көк белден.
Көктем келед, нәзік болып,
Қызға ұқсап сызылып.
Сұлу көктем, саған деген,
Жүрегімнің жырын ұқ!
Жауын жауса таң атқанша,
Тоқтамастан себелеп.
Ойламын мен "сұлу көктем,
Жылады екен, неге?" деп.
Көңілімнің қуанышы,
Сұлу көктем, бір өзің.
Қанша жылдар өтсе де,
Өзгермепті-ау мінезің.