Және бір жырды бастадым...

Oinet.kz 01-01-2020 971

Және бір жырды бастадым,

Қайғыға толып көкірек!..

Жалындаса да жас жаным,

Өзіңнен жүр ғой от тілеп.


Және бір жырды бастадым

Арманға толып жүрегім!

Қиналды-ау жаным, қиналды-ау...

Өзіңнен көмек тіледім.


Және бір жырды бастадым,

Бірақ, бұл соңғы жыр емес.

Тағы да сені аңсадым,

Көзімнің алды - гүл-елес!


Күлімдеп қара көздерің,

Тербеліп қара шаштарың,

Көрдім де сені өзгердім,

Жырлады көңіл-аспаным.

Ділдәгүл...
Сағындырған көктем. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу