Ділдәгүл...
Сол бір есім жер тербеткен,
Алды ғой жүрегімді жайлап көптен.
Шіркін-ай,
Жанарлары күлімдейді,
Жұлдыздай жерге түскен жайлап көктен.
Таптым да бақытымды сол арудан,
Шаршамадым жанудан, жанданудан.
Көзіме де ыстық боп көрінеді,
Шолпандай көк жүзінде таңда туған.
Келер күнге қараймын үмітпенен,
Үмітпен өмір кешер жігіт деген.
...Бақыттымын,
Мен саған бақыт сыйлап,
Өтсем деп жүріп келем, жүріп келем!...