Жыласаң, жыла...
Жыласаң, жыла,
Сұлуға ол да жарасар,
Әрбір тамшыңа есепсіз жігіт таласар.
Тек біреуіне жүрегің жылып, қарасар,
Тек біреуіңе бұйырар тамшың бақ ашар.
Әсем жүзіңнен домалап түсіп жас тамшы,
Өртеді мені...
Сүйді ғой. бірақ басқа Әнші...
Сәби-жүрегің толқған кезде төгілер
Шіркін-ай, шіркін,
Бір тамшың бола алсамшы!...