Аққу туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 1362

Ұшасыңба айдыннан бақ іздеуге,

Ләззат беріп жүрегің жан тербеуге.

Бір-ақ өзің себепкер бала аласың

Оянған махаббатты әлдилеуге.


Қ-сы:

Түсінші жаным менің,

Шығады жалын демім.

Қонбайтын қолға оңай,

Аққу құс лағылма едің.


Сағынышын жанымның сезген дейсің.

Ыстығымен жүректің берілгейсің.

Назар салып өзіме

Ғашық отын,

Аққу болып періштем күлімдейсің.


Қ-сы:

Ғазиз басың іңкәр ғой менің үшін,

Ардақтаймын с езімнің нәзік күшін.

Неткен ғажап жан едің аққуым-ай,

Аялаймын өзіңді соны түсін.

Сағындырған көктем. Өлең
Ой толқыны (өлең)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу