Сағыныш туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 1089

Сен мені сағын көктем келген шақтарда,

Іздеп бар мені жұпарын шашқан бақтарға.

Қиялың менен аймала мені талмастан,

Бозала таңдар оянып келе жатқанда.


Қиындық та көп...

Шыдап бақ, жаным, жол - қашық.

Тоқтала көз сал, бәлкім біреуі мен шығар,

Аққулар жүзсе айдында қанат қомдасып.


Сен мені сұра еркелей соққан самалдан,

Жүрегім сырын самалға шерткен сан алуан.

Жұлдызға көз тік, түнгі аспан жүзін жайнатқан,

Шұғыла шығармын жарық жұлдыздан тараған.


Өртке де көз сал - бойыңды қарып, күйдірер,

Өрт те шығармын лаулатып жанды сүйдірер.

Жұмыр жерге бір кез көзіңді сала жүр,

Топырақ шығармын ұлыңның басын идірер.

Бөбегім. Өлең
Күзгі бал. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу