Күзгі бал. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 1261

Есімде, күзгі, бал, көк көйлегің,

Өзіңменен сол кеште көп биледім.

Вальске де түстік біз, мен өзіңді,

Жаймен айтқан әніммен әлдидедім.


Көз ала алмай қарадым ерініңе,

Сын көбенен қарадым сеніміңе.

Ханзада қып көпшілік сайлағанда,

Мен өзіңді шақырдым тағы биге.


Тағы вальс тербеді жанымызды,

Ұмытпадым билеген әнімізді.

Көк көйлекпен күлімдеп тербетілдің,

Сезгендей-ақ алдағы бағытымызды.


Толқып жатты жүрек бір ырғақты үнмен,

Неткен сұлу едің деп тіл қаттым мен,

Көз тастадым үмітпен жанарыңа,

Бақытымды сұрадым келер күннен.

Сағыныш туралы өлең
Адал сезім туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу