Бөбегім. Өлең
Бөбегім менің, бөбегім,
Бетіңнен сүйіп өбемін.
Сен туылғанда ерекше,
Қуанышқа бөлендім.
Айналайын бөбегім,
Болсын сенің дегенің,
Қалауыңды сұрасаң,
Бәрін тауып берейін.
Жырымды саған төгемін,
Көңілімді саған бөлемін.
Тек жыламашы, бөбегім,
Болсыншы сенің дегенің.
Атасының баласы,
Апасының панасы.
Әлди, әлди, бөбешім,
Маған тіктеп қарашы.