Мұсылманның парызы. Өлең
Бес парызын орында,
Бір Алланың жолында.
Ниет етіп, бас ию,
Бір өзіңнің қолында.
Ертелі-кеш - бір өлім,
Басқа түссе, көресің.
Періште келіп сұраса,
Не деп жауап бересің?
Бұғау салып бұрайды,
Жаныңды қинап сұрайды.
Жақсы жаман ісіңнің,
Қайсысын айтсаң ұнайды?
Ұмытып кетсең Құдайды,
Қисайтып ауыз сынайды.
Күндіз-түні жалыңсаң,
Жасаған істі құрайды.