Ұстазыма арналған өлең

Oinet.kz 01-01-2020 896

Сезіммен мен ақтардым бүгін барлық сырымды,

Ұлы ұстазым, өзіңізге арнадым бұл жырымды.

Жаманымды жасырдыңыз, жақсы ісімді - асырып,

Оқушылар арасында көтердіңіз құнымды.


Үйреттіңіз қырлары мен сырларын бұл өмірдің,

Гүлдетіп сіз жайнаттыңыз әсем бағын көңілдің.

Сыңғырлаған дауысыңыз естілгенде біздерге,

Күлім қағып кетеді ғой, кеудедегі қайғы-мұң.


Сыныптағы ұл-қыздарға анасындай болып сіз,

Су орнына шөлді басар сусын-білім бердіңіз.

Болашаққа тәрбиелеп, үлгілі қып ұшырған,

Ұлы ұстазым, өзіңізге ризамыз бәріміз.

Мұсылманның парызы. Өлең
Тәуелсіздікке тағзым. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу