Жүрек жайлы өлең
Тоқтама, жүрек, тоқтама
Тоқтама, жүрек, тоқтама,
Жырп барда қалай тоқтарсың?!
Өмір бораны соқса да,
Қалам ұшында - от жансын!
Дүрсілде, жүрек, дүрсілде,
Жырменен бірге үндесіп.
Өлеңсіз әлем - құр сүлде,
Жүрерсің қалай күн кешіп?!
Жалында, жүрек, жалында,
Жырменен парыз өтелмек.
Көз таста бұлдыр сағымға,
Ұмтыл сен соған жетем деп.
Талпынып ұшқын сағымға,
Үмітті, нұрды арқалап.
Талықсып қалған шағыңда,
Жыр, қалам болсын - қос қанат!