«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Ақ алтын жазық даласы,
Ибалы - қызы, баласы.
Тілегей-теңіз - данасы,
Осынау жерге қарашы!
Құстары биік самғаған,
Талант қанаты талмаған.
Тарихты терең толғаған,
Өнердің жолын жалғаған -
Осынау жерге қарашы!
Көктемі жайлы көңілге,
Сызат түсірмес сенімге.
Мейірін төгер келінге,
Сыйластық - ұран елінде.
Осынау жерге қарашы!
Қыздары көркем, көрікті,
Жанары мөлдір елік-ті.
Көрген жан көзін ала алмай,
талай жігіттер елік-ті.