Өнерлі өрге жүзеді

Oinet.kz 01-01-2020 8247

Өнер - бұл адамның қолымен және ақылымен жасалған ең әдемі дүние. Өнерлі адам қашан болмасын, қай жерде болмасын өте жоғары бағаланады. Бізді қоршаған әдемінің бәрі де өнер. Онсыз біздің өміріміз сәтсіз, қайғылы және қарапайым болар еді. Сондықтан өнер әрдайым биік бағаланады. Өнер тек ән салу би билеу емес, әдемі сөйлеу білу де өнер, көркем жүріп-тұру да өнер, кереметтей жымыңдап күлу де өнер. 

Znalezione obrazy dla zapytania искусство

Қазақта өнерлі өрге жүзеді деген жақсы сөз бар. Кез келген адамның бойында өнері болады. Кейде есепке алмасақ та әдемнің бәрі де өнер. Тек кей адамның бойларындағы өнер бәрінің тегіс қолынан келе бермейді, мәселен музыкалық аспапта ойнай білу, музыка ырғағымен билей білу немесе шабыты оянып, арқасы қозып өлең жаза білу. Адамға туа бітетін өнерлер де болады. Ол мәселен қылқалам қолына ұстай кетсе, қолы өздігінен шедевр жасайтын суретшілер, сөйлеген сөзі, шырқаған әніне әуесің кететін жезтаңдай әншілер... Өнерлі адам өзінше сұлуланып тұрады. Оның сыртқы келбеті сұлу болмағанымен де, өз өнерімен сұлуланып, нұрын шашып тұратындай.

Өнер бір ғана статикалық түрлермен шектелмейді. Біз жағымды музыка тыңдаймыз, театр қойылымдарын көреміз, эстрадалық және цирк қойылымдарына барамыз... қалада серуендеп жүріп, бізді көне ғимараттардың архитектурасы мен заманауи монументтердің ұлылығы таң қалдырады. Саябақ аймақтарындағы ландшафтық дизайн - заманауи өнердің бір бағыты. Актерлік шебер бойына дарыған өнерлілер бар. Кез келген адам табиғатын сомдау да оңай емес. Сондықтан болар қазақ атамыз өнерліні әркез құрметтеген.


Отырардағы толғаныс. Өлең
Туған жерге тағзым. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу