Отырардағы толғаныс. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 757

Таудан аққан бұлақтай,

Айналаң бейне жұмбақтай.

Сағыныш келді жетелеп,

Ешнәрсеге қаратпай.


Сәлем бердім еліме, 

Туып өскен жеріме.

Аралап елді келемін,

Шығып алып төріне.


Баба аруағы қолдасын,

Қыдыр-ата болсын жолдасың .

Иманды болып ұрпағым,

Бақ, береке орнасын.


Отырар солай жаңарған,

Күн шуағынан нәр алған.

Ұл-қыздар өсіп келеді,

Әр таңы - толы ән-арман.

Тарбағатай туралы шығарма
Өнерлі өрге жүзеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу