Астана - ел жүрегі. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 1211

Саясында бақтардың,

Талай кітап ақтардым.

Мұндай әсем қаланы,

Бар әлемнен таппадым.


О, Астана, жас қала,

Ақ орданы бақ сана.

Көркеюде құлпырып,

Қуанады қос дана.


Көшелерің гүлденді,

Күннен күнге түрленді.

Құрылысшылар үй салып,

Шеберлікті игерді.


Елордамыз қуатты,

Елестетер бұлақты.

Кең дарияға айналған,

Күні де оның шуақты.


Астан -  ел жүрегі,

Жас ұрпақтың тірегі.

Астанадан қуат ап,

Шаттанады күледі.

Серік Дербісбаев

Көркем мінез туралы шығарма
Оңтүстігім - айбыным. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу